Әкесі аквапаркте туған ұлының интим жеріне тиіскен

Әкесі аквапаркте туған ұлының интим жеріне тиіскен
Фото: pixabay.com

Әкесі аквапаркте туған ұлының интим жеріне тиіскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Вечерняя Москва" басылымы мәліметінше, оқиға Мәскеуде болған. Бұрын ажырасып, бірге тұрмайтын ата-анасы ұлымен аквапаркке баруды ұйғарған. Отбасы бірнеше сағат бойы көңіл көтеріп, суға шомылған. Кейін әкесі мен 5-сынып оқитын ұлы киім ауыстыратын бөлмеге кеткен. 

Сол жерде ер адам кенет ұлын сипап, интим жерін ұстаған. Шошынған бала анасына барлығын үйге оралған соң ғана айтуды жөн көрген.

Әйел полицияға хабарласқан. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, студенттің әкесі әзірге ұсталған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек