Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті

Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті
Фото: Tengrinews.kz

Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  9 қараша күні сағат 08.00 шамасында Higer маркалы автобус жүргізушісі Абай - Шахтер көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

"Жеткіншек реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.

Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан