Экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірген деген күдікке ілінді: ІІМ пікір білдірді

Экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірген деген күдікке ілінді: ІІМ пікір білдірді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Telegram-арналардың бірінде Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген ақпарат тараған еді. Ішкі істер министрлігі осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана Полиция департаментіне қала мейрамханаларының бірінде қонақтар арасында жанжал туындап, салдарынан әйел дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабар түскен.

"Күдікті ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Полиция департаменті және Есіл ауданының полиция басқармасының жедел тергеу топтары жұмыс істейді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабаламада.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жарияланбайтыны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.

Бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев бұған дейін де істі болған. Ол 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді. 

Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды.

Кейін экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова