Үйіне күшпен сүйреп кіргізген: бала зорлап сотталған ер адам берілген жаза көп деп шағымданған

Өзбекстанда қыз зорлағаны үшін кінәлі деп танылған ер адам апелляциялық шағым түсірді. Ол 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тым көп жаза деп санайды екен. Бұл туралы "Немолчи" жобасы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 2019 жылы Қибрай қаласында жергілікті тұрғын 13 жастағы қызды зорлаған. Қылмыскер - қыздың әжесінің көршісі. Ер адам қызды үйінің маңынан өтіп бара жатқанда, күшпен үйіне сүйреп кіргізген. Жәбірленушінің туыстары оны ұзақ уақыт бойы қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысыпты. Төрт жылдан кейін ғана әділдік орнап, биыл қыркүйекте ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда зардап шеккен қыздың отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. 8 қарашада олар қылмыскер бірінші сатыдағы сот үкімін қайта қарау үшін Жоғарғы сотқа шағым түсіргенін біліпті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!