Ақтөбеде екі әйел жоғары қабаттан секірмек болған

Ақтөбеде екі әйел жоғары қабаттан секірмек болған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде жоғары қабаттан секірмек болған екі әйел құтқарылды. Олар "Ақтөбе Ажары" тұрғын үй кешенінен секіргісі келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Бұл оқиғалар 2 және 3 қарашада болды. Полиция мен құтқарушылар дер кезінде оқиға орнына жетіп, оларды құтқарды.

Басылым мәліметінше, бірінші оқиға 2 қарашада түстен кейін болған. Әйел 23-қабаттан секіретінін айтқан. Ал кейін оқиға орнына полицейлер жетіпті. Ұзақ келіссөзден кейін құтқарушылар оны бұл қадамнан бас тартуға көндіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Ал 3 қарашада осы жерде тағы да суицид тіркеле жаздады.

"Түскі ас кезінде полиция қызметкерлері "Ақтөбе Ажары" тұрғын үй кешенінің маңынан өтіп бара жатқан. Олар 25-қабаттан секіргісі келіп тұрған адамды байқапты. Полицейлер бірден 25-қабатқа көтеріліп, әйелді көрді. Ол ешкімді өзіне жақындатпаған. Бір жарым сағаттық келіссөзден кейін қызметкерлер әйелді тыныштандырып, оны өз-өзіне қол жұмсаудан бас тартуға көндірді. Ол туыстарының қазасына және жақындарымен арадағы келіспеушілікке байланысты шарасыз қадамға барғысы келгенін айтты", - делінген басылым мәліметінде.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова