Бала көтертпейтін дәрінің қандай жанама әсері болуы мүмкін?

Бала көтертпейтін дәрінің қандай жанама әсері болуы мүмкін?
Фото: Freepik.com

Барлық дәрі-дәрмектің өзіндік жанама әсері болады. Сол сияқты бала көтертпейтін дәрінің де зияны бар. Бала көтертпеуге арналған дәрі-дәрмектер гормонға негізделген. Олардың құрамында тек прогестерон немесе прогестерон мен эстрогеннің қосындысы болуы мүмкін. Дәл осы гормондар әйелдің етеккір циклі мен жүкті болу қабілетіне әсер етеді.

Бала көтертпейтін дәрінің 8 жанама әсері

Бас ауруы

Кейбір контрацепцияны қабылдау әйел ағзасындағы эстроген деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Гормоналды фондағы мұндай бұзылулар көбінесе бас ауруын тудырады. Егер әйел мигреньнен зардап шегетін болса, онда ауру күшеюі мүмкін.

Бас ауруы әдетте бірінші айда ғана мазалайды. Бірақ бас ауруы қатты сезілсе, шыдаудың керегі жоқ, бірден маманның көмегіне жүгініңіз.

Қан кету

Дене бала көтертпейтін дәріге дағдылану кезінде қан аралас бөлініс(выделение) пайда болуы мүмкін. Алғашқы 3 айда ол сирек мазалайды.

Әйел ағзасында әртүрлі гормон синтезделеді. Олар аналық жасушаның қалыпты жетілуін қамтамасыз етуге, жүктілікке қабілетті болуға және оны сақтауға немесе эндометриядан бас тартуға арналған. Ал мұндай дәрілерде гормонның мөлшері өте төмен. Сондықтан, ағза оған үйрене алмауы мүмкін, ағза бейімделгеннен кейін қан аралас бөлініс тоқтайды.

Егер қан аралас бөлініс 5 күннен артық келсе, міндетті түрде гинекологқа бару керек.

Жүрек айнуы

Бала көтертпейтін дәріні қабылдап бастаған кезде басыңыз айналуы мүмкін. Кейбір әйелдер құсып, эпигастрий аймағында ауырсыну сезінеді. Мұндай жағымсыз құбылыстар асқазанға түсетін эстрогеннің артық мөлшерінен туындайды. Дәл осы гормон шырышты тітіркенуді тудырады. Мұндай белгілер біртіндеп төмендеп, екінші қаптаманы ішіп бастаған кезде толығымен жоғалады.

Жүрек айтуын тоқтату үшін дәрігерлер ешқашан аш қарынға дәрі ішпеуге кеңес береді. Дәріні тамақтану кезінде ішкен дұрыс. Егер жүрек айнуы кетпей, тіпті тәбетіңіз жоғалса, дәріні ауыстыру үшін дәрігермен кеңесу керек.

Қан ұйығының пайда болуы

Бала көтертпейтін дәрінің назар аудару керек жанама әсерінің бірі ол - тромбоз. Дәрігерлер қанның ұюын дәрі құрамындағы синтетикалық прогестерон тудыруы мүмкін деп санайды.

Кез келген тамырда қан ұйып, кейін өздігінен ери алады. Бұл жағдайда әйелге ештеңе қауіп төндірмейді. Бірақ кейде қан ұйығанда тамыр бітеліп, салдары қайғылы болуы мүмкін.

Көңіл-күйдің өзгеруі

Эмоционалды әйелдер жылау, ашуланшақтық немесе агрессивтілікке тап болуы мүмкін. Мұндай көңіл-күйдің өзгеруі алғашқы 3 айда мазалайды, кейін толығымен жойылады.

Тері мәселелері

Контрацепцияны қабылдау кезінде тері жиі майланып, безеу пайда болуы мүмкін. Бұл жағымсыз белгілер гормоналды тепе-теңдіктің уақытша бұзылуынан туындайды. Әдетте, 3-4 айдан кейін, ағза антиандрогенді дәріге үйренгенде, тері өзі тазарады.

Тері мәселесінің алдын алу үшін бет күтіміне мұқият қарау ұсынылады.

Сүт бездерінің толып кетуі

Бұл эстроген тудыратын тағы бір жанама әсер. Бездер толып, кейде ауыруы мүмкін. Мұндай белгілер әдетте дәріні қабылдағаннан кейін 3-6 айдан кейін өздігінен басылады.

Егер ауырсыну қатты сезілсе, гинекологпен кеңесу керек.

Шаштың түсуі

Гормоналды өзгерістер аясында кейде шаш түсіп бастайды. Бірақ ол қатты түспейді, сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Бірақ шашыңыз көп түсетін болса, міндетті түрде дәрігерге баруыңыз керек.

Айта кетейік, бұған дейін ауырсынуды басатын дәрінің зияны мен пайдасы туралы хабарланған болатын

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақтар этногенезінің түркілік кезеңі қалай аталады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә