Астанада су таратқыштардан ақша ұрлаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды

Астанада су таратқыштардан ақша ұрлаған ер адам, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері елордада су таратқыштардан ақша ұрлаған ер адамды анықтады

Қараша айында полицейлерге тұрғын үй аумақтарында орналастырылған су құю құрылғыларының зақымдануы туралы хабарламалар түскен. Атап айтқанда белгісіз біреу су құю құрылғыларының бірінен ақша ұрлап, жалпы сомасы 200 мың теңгеден асатын шығын келтіргені тіркелген.

Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Сарыарқа ауданы аумағында ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы елорда тұрғынын анықтаған. Тергеу барысында оның түнгі уақытта су таратқыштардың қасында жүріп есіктердің құлпын бұзып, жасырын түрде ақша алып шыққаны белгілі болған.

Қаскүнемнің әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Кадрларда ер адамның су клапанын ашып жатқанын көруге болады.

Қазіргі таңда күдіктігіе қатысты үш ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!