Денедегі папилломалар несімен қауіпті?

Денеңізден бұрын болмаған түйіршіктерді байқадыңыз ба? Бұл папиллома болуы мүмкін. Папиллома әдетте мойын, қолтық, қабақ, шап аймақтарында, бөкседе және сүт бездерінің астына шығады. Гинеколог Екатерина Волкова Telegram-арнасында денедегі папиллома несімен қауіпті екенін, одан қалай құтылуға болатынын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гинекологтың айтуынша, көбінесе папилломаның пайда болу себебі артық салмақ пен инсулинге төзімділікпен байланысты. Сондай-ақ, адамның папиллома вирусы болуы мүмкін, бұл жағдайда иммунитет төмендесе папиллома саны артады. 

Бірақ теріде папилломаның болуы сіздің АПВ-ны тексеруіңізге себеп емес. Теріге және шырышты қабаттарға әсер ететін вирустардың түрлері әртүрлі.

Папилломадан құтылу үшін не істеу керек?

Ең алдымен, папилломаның пайда болуына түрткі болған факторларды жоямыз. Олар: 

  • инсулинге төзімділік - инсулин мен глюкоза, гликатталған гемоглобинді тексеру үшін талдау таптырамыз. Нәтижесі шыққаннан кейін тамақтану түрін өзгертеміз, ең алдымен тез көмірсулардың мөлшерін азайту керек. Олар біз қатты жақсы көретін, бірақ зиян тәттілер мен тоқаштар;
  • тұрақты түрде белсенді болыңыз. Басты міндет – қандағы глюкоза мен инсулин деңгейін төмендету, өйткені олар денеде папилломаның шығуына себепші бола алады;
  • липид алмасуының бұзылуы (LDL арқылы холестериннің жоғарылауы), гипотиреоз, гиперэстрогения да  денеде папилломаның шығуына  әсер етуші фактор;
  • вирус. Адам папиллома вирусының емі жоқ болғандықтан, біз барлық күшті иммунитетті нығайтуға бағыттауымыз керек: жеткілікті ұйықтау, дәрумен тапшылықты жойып, орнын толықтыру (темір, Вит Д, вит В6, В12);
  • әртүрлі тамақтану. Табақ пайдалы жасыл шөптерге толы болсын! Тамақтану түрі неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым иммундық жүйенің жұмысына қажетті макро және микроэлементті көп аламыз.

"Біз папилломаның пайда болуына түрткі болған факторларды жойғаннан кейін кішкентай көлімді папилломалар өздігінен кетуі мүмкін. Ал үлкендері, егер олар ыңғайсыздық тудырса, тек ота арқылы ғана жоюға болады", - дейді Екатерина Волкова. 

Айта кетейік, бұған дейін папиллома деген не және оны қалай емдеу керегі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Өмір туралы қанатты сөздер мен цитаталар

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!