Тоқаев ресейлік кәсіпкерлерді елімізге халал өнім экспорттауға шақырды

Тоқаев ресейлік кәсіпкерлерді елімізге халал өнім экспорттауға шақырды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік кәсіпкерлерді Қазақстанға халал өнім экспорттауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Бүгінгі таңда оның құрамына жалпы халқы шамамен бір жарым миллиард адам және 37 мемлекет кіреді. Біздің елдеріміз осы үлкен нарықта сертификатталған халал өнімдерінің экспортын бірлесіп ілгерілете алар еді. Біз ресейлік бизнесті осы бағытта тығыз ынтымақтастыққа шақырамыз", – деді Мемлекет басшысы.

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
 
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Жасұлан Ордабаев

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz