Путинді "Ақордада" салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
 
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз