Күн сайын жеміс-жидек жесе не болады?

Күн сайын жеміс-жидек жесе не болады?
Фото: Racool_studio/Freepik

Денсаулық өмір сапасының маңызды компонентінің бірі. Ал дұрыс тамақтанудың деннің сау болуына тигізер оң әсері көп. Дұрыс тамақтанудың белгілі бір бөлігі жемістерден тұрады. Егер адам жемісті күн сайын жесе, ағзада қандай өзгерістер болады?

Денсаулық және тамақтану: жемістердің пайдасы

Жемістерде дәрумен, минерал, антиоксидант және диеталық талшықтар сияқты көптеген пайдалы зат бар. Олар төмен калориялы энергия көзі, бұл салмақты бірқалыпты сақтауға ұмтылатындар үшін тамаша таңдау.

Күн сайын жеміс жеудің ағзаға тигізерер оң әсері:

Иммундық жүйені нығайтады. Жемістер, әсіресе цитрус жемістері иммундық жүйені сау ұстау үшін маңызды қоректік заттардың бірі С дәруменіне бай. Жемістерді үнемі тұтыну әртүрлі инфекция мен аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Жүрек жұмысын бірқалыпта сақтайды. Жидек, алма, алмұрт және жүзім қандағы зиянды холестерин деңгейін төмендетуге және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға көмектесетін антиоксиданқа бай. Сонымен қатар, жемістерде қандағы қант деңгейін бақылап, қант диабетінің дамуына жол бермейтін диеталық талшықтар бар.

Ас қорытуды жақсартады. Жемістерде еритін және ерімейтін диеталық талшықтар бар. Бұл талшықтар ішектің жұмысын реттеуге, іш қатудың алдын алуға және ішекте сау микрофлораны сақтауға көмектеседі. Оған қоса басқа тағамдардан қоректік заттардың жақсы сіңуіне ықпал етеді.

Тері жағдайын жақсартады. А және С дәрумендері мен антиоксиданттарға бай кейбір жемістер терінің күйін жақсартуға көмектеседі. Бұл қоректік заттар коллаген өндірісіне ықпал етеді, теріні нығайтып, қатайтады және сау етеді.

Қатерлі ісік ауруының алдын алады. Жидек, жүзім және ананас сияқты кейбір жемістерде антиоксиданттар бар, олар ағзадағы бос радикалдармен күресуге көмектеседі. Бос радикалдардың жоғары деңгейі рак клеткаларының дамуына ықпал етуі мүмкін, сондықтан жемістерді үнемі тұтыну қатерлі ісіктің дамуын болдырмайды.

Жемістерді күнделікті тұтыну иммундық жүйені нығайту, жүрек саулығын сақтау, ас қорытуды, терінің күйін жақсарту және қатерлі ісіктің дамуын болдырмау арқылы ағзаға көптеген оң әсер береді. Дегенмен, деніңіздің сау болғанын қаласаңыз әртүрлі тамақтанып, басқа да пайдалы тағамдарды да тұтынудың маңыздылығын есте ұстаған жөн.

Айта кетейік, бұған дейін көзге пайдалы жеміс-жидектер мен тағамдар туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неге тырнағын тістей береді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә