Психолог әлеуметтік желіге балаңыздың қандай суреттерін салуға болмайтынын айтты

Психолог әлеуметтік желіге балаңыздың қандай суреттерін салуға болмайтынын айтты
Фото: pixabay.com

Көпшілік ата-ана әлеуметтік желіге балаларының суреттерін жариялайды. Алайда баланың суретін Желіге саларда ескеретін жайттар бар. Бұлар жайлы психолог Олеся Васильева Gazeta.ru-ге айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сақтау керек бірінші ереже – үстінде киімі жоқ немесе жартылай киімі жоқ баланың суретін салмау. Біріншіден, бұл сурет сау емес адамдардың қолына түсуі және оны түрлі мақсатта қолдануы мүмкін. Екіншіден, бала өскен кезде ата-анасы қалдырған "сандық ізден" ұялуы мүмкін. Екінші ереже – геолокациямен және сурет артындағы фондармен абай болу. Мұндай суреттерден баланың қай жерде екені белгілі болады. Балалар бейджі, құжаттар және басқа да сәйкестендіру элементтерінің суретін салмаңыз", - деді Олеся Васильева.

Психолог ұрлықшылар баланың қай жерде екенін ата-анасының блогын бақылап, балалар мекемесінің мекен-жайын анықтайтынын ескертті.

Олеся Васильеваның айтуынша, баладан оның әлеуметтік желіде қаншалықты болғысы келетінін сұрау маңызды. Себебі жиі балалардың суретін салу – бұл ата-ананың қажеттілігі.

"Тағы бір ескеру керек нәрсе – баланың өз суретінің астындағы пікірлерді көріп қалуы. Сын балаға зақым келтіруі мүмкін, бала психикасы оған әлі дайын емес", - деді психолог.

Бала неге сөйлемейді: ата-аналар жиі жіберетін 5 қателік

А. Жапатова