Демалуға келген ерлі-зайыпты қонақүйден өлі табылды

Демалуға келген ерлі-зайыпты қонақүйден өлі табылды
Фото: pixabay

Египеттегі қонақүйделердің бірінде екі турист көз жұмды. Ерлі-зайыпты төсек қандалаларын өлтіретін химиялық заттан уланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV-ға сілтеме дасап. 

SHOT Тelegram-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 2018 жылы болған, бірақ өлім себебі енді белгілі болды. Ұлыбританиялық Джон мен Сюзан Купер Хургададағы бесжұлдызды қонақүйге демалуға келген. Олар қызы және үш немересімен көптен күткен демалысқа шыққан. Немерелерінің бірі ерлі-зайыптының бөлмесінде жатқан. Алғашқы түні 12 жастағы қыз өзін нашар сезініп, атасы оны анасының бөлмесіне апарған.

Таңертең Джон Куперс таңғы асқа түспеген. Олардың қызы екеуінің қатты ауырып жатқанын, әкесінің тұншығып жатқанын көрген. Нәтижесінде Джон бөлмеде қаза болды, ал әйелі ауруханаға жеткізіліп,  бірнеше сағаттан кейін көз жұмды.

Алдымен туристердің өліміне жіті ішек инфекциясы себеп болғаны хабарланды. Бірақ туыстарының айтуынша, сол күні бөлмеден біртүрлі иіс шыққан және олар химиялық заттар салынған канистрі бар форма киген үш адамды көрген.

Ерлі-зайыптының көршілері бұған дейін төсек қандаласының көп болуына шағымданған. Оларға басқа бөлме берілді және қызметкерлер оны Lambda пестицидтерімен мұқият өңдеген. Бұл іс бойынша сот әлі жалғасып жатыр. Қонақүй жұмыс істеп тұр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек