Мәскеуде сотталған атышулы қазақстандық блогер бостандыққа шықты

Мәскеуде 3,5 жылға сотталған атышулы блогер Айдын Тусупов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл ақпаратты Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері растады. 

"Айдын тусупов 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-нің 1-нөмірлі мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тұрғылықты жері бойынша Қарағанды қаласына кетті", - деп жауап берді редакцияға ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, редакцияға Тусуповтың бостандыққа шыққан сәтінің видеосы жіберілген. 

Айта кетейік, 2021 жылы наурызда блогер Айдын Тусупов, Рамир Хасанов және Ерсін Дүмшебай Мәскеуде премиум-класс таксиді шақырған. Жүргізуші олардың өтініші бойынша жүктерін багажға салып жатқан кезде блогерлердің бірі жолаушының орнына, екінші жүргізушінің орнына отырып, көлікті айдап кетіп қалған болатын. Үшіншісі сырттан видеоға түсіріп тұрған. Бірнеше минуттан кейін олар қайтып келіп, жүргізушіге бұл пранк екенін айтқан.   

Сол күні қазақстандықтар ұсталды. Қарашада Мәскеудің аудандық соты қазақстандық блогерлерді 3,5 жылға бас бостандығынан айырған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина