Ақтөбе облысында сиырға соғылған жеңіл көлік жанып кетті

Ақтөбе облысында сиырға соғылған жеңіл көлік жанып кетті. Апат таңертеңгілік Кеңқияқ-Ембі тас жолында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көлікте жеті жолаушы отырған, ал тізгінде 57 жастағы ауыл тұрғыны болған.

Жолаушының бәрі аман, ешкім зардап шекпеген. Ал көлік мінуге жарамай қалған. Ал тас жолға шығып кеткен ірі қараның еті соғымға сатылып жатыр. Сол маңдағылар сиырды бауыздап үлгеріпті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!