Теміртауда өгей баласын аяусыз өлтірген 24 жастағы ер адам сотталды

Теміртаудың 24 жастағы тұрғыны өгей баласын аяусыз өлтіргені үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот қылмыс жасалған кезде оның мас болғанын анықтады. Оның кінәсі толық дәлелденді. Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Баланың анасы да прокурордың талабын қолдады. Осы іс бойынша жиналған дәлелдер зерттелгеннен кейін сот сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Айта кетейік, биыл наурызда Теміртаудағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен кішкентай бала өлі табылды. Баланың өліміне 24 жастағы ер адам қатысы бар күдік болды. Оған іздеу жарияланып, көп ұзамай ұсталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!