Ақтөбе облысында екі тұрғын Қызыл кітапқа енген ағаштарды шауып тастаған

Ақтөбе облысында екі тұрғын Қызыл кітапқа енген ағаштарды шауып тастаған
Фото: ІІМ

Ақтөбе облысында ауылдың екі тұрғыны Қызыл кітапқа енген ағаштарды шауып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 қарашада Хазірет ауылының маңында тіркемесі бар екі трактор тоқтатылған. Тізгінде 53 және 56 жастағы екі ауыл тұрғыны болған.

Тексеріс барысында көлік тіркемелерінен сирек кездесетін ағаштар табылған. Олар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекеттің қорғауында болған.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, ағаштарды өзен жағасынан шауып алған, кейін отын үшін пайдаланғысы келген.

Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова