"Эмоцияға беріліп шешім қабылдаған". Балаева Оқаповтың ордені өзінде қалатынын айтты

"Эмоцияға беріліп шешім қабылдаған". Балаева Оқаповтың ордені өзінде қалатынын айтты
Фото: instagram.com/aliokapov

Мәдениет және ақпарат министрі "Құрмет" орденінен бас тартқан әнші Әли Оқаповтың әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Министр әншінің Instagram-парақшасындағы үндеуінен кейін өзі хабарласып, қолдау білдіріпті. 

"Кейінгі кезде марапатқа ие болғандарды жан-жақтан бұлай талап, қоғам тарапынан буллинг жасауы жақсы үрдіс емес" - деді Балаева.

Республика күніне орай Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповқа "Құрмет" ордені табысталған. Көпшілік әншінің парақшасында оны бұл орденге лайық емес деп пікір жазған. Одан кейін әнші барлық наградасын, жүлделерінен бас тартатын мәлімдеді.

"Мен министр ретінде онымен сөйлестім. Ол кісі творчествоның адамы болғаннан кейін эмоцианалды түрде өзі айтты. "Аида Ғалымқызы, шынымен де барлығы жан-жақтан талағаннан кейін бірінші менің еңбегім емес, менің анаммен салыстырып жатқаннан кейін, оған мен шыдай алмадым" деді. Қазір ондай сұрақ жоқ. Барлығы дұрыс. Марапат өзінде қалады", - деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан