Қосымша сабаққа барып жүрген: математика пәнінің мұғалімі оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Қосымша сабаққа барып жүрген: математика пәнінің мұғалімі оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Өзбекстанда зорлық-зомбылыққа байланысты тағы бір оқиға туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайды "Немолчи" қоры жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 17 жастағы қыз Қаттақорғандағы № 5 мектептің репититорының математикадан қосымша сабақтарына қатысып жүрген. 36 жастағы мұғалім кейде қызды қосымша сабақтан кейін үйіне шығарып салып жүрген. Күдік тудырмау үшін ол қыздың әкесіне жақын жерде тұратынын және оны жеткізіп тастайтынын айтқан.

"5 мамырда ол мектепке апарып тастай алатынын жазды. Үлкен жолға шықтым, ол алып кетті, бірақ жол бойында бағытын өзгертті. Қайда бара жатқанын сұрағанда, үйде құжаттарын ұмытқанын, кіріп, кейін бірден мектепке баратынын айтты", - деді жәбірленуші.

Олар аулаға кірген бойда ер адам қақпаны жауып, оған көліктен түсуді бұйырған. Қыз бас тартқан, бірақ ер адам оны көлігінен күштеп шығарып, үйге алып кіріп, "қорықпа, жай сөйлесеміз" деген. Олар 20 минуттай сөйлескен. Кейін ер адам қызға тиісе бастаған, тіпті ұнататынын мойындаған. Кейін қыздың қарсылығына қарамастан шешіндіріп, ойын іске асырған. Содан кейін ешкімге ештеңе айтпауды талап етіп, үйленуге уәде берген. Мұғалім қызды видеоға түсіріп, оның жеке суреттері мен видеоларын тарататынын айтып қорқытыпты.

Қыз ата-анасына айтуға қорқып, күйзеліске түскен, бірақ уақыт өте келе анасы одан бұл жағдайды біледі. 18 тамызда қыздың ата-анасы прокуратураға арыз жазған, ал 29 тамызда сараптамаға жіберіліпті.

Ер адам қыздың әкесіне үйленуге деп уәде берген. Бірақ әкесі бұған қарсы болыпты, өйткені ер адам бұрын екі рет үйленіп, ажырасқан.

10 қазанда қыздың әкесі тергеу барысы туралы білу үшін Ішкі істер басқармасына жүгініпті. Ол адвокат жалдағысы келетінін айтқан кезде ғана қылмыстық істі қозғаудан бас тартылатыны айтылған.

Ал 3 қазанда мұғалім қыздың суреттерін Instagram әлеуметтік желісіне таратқан. Әкесі бұл туралы тергеушілерге мәлімдесе де нәтиже болмапты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова