Абай облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды

Абай облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысы ҚАЖ департаментінің № 20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді жасырын патрульдік бақылау барысында, мекеменің жедел бөлім қызметкерлері Р. Абишев, М. Секенов, Б.Рамазановтармен бірлесе 5511 Ұлттық гвардия 3 класстағы сержанты А. Сыдыковпен тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат Ч. ұсталды.

Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырмасына оратылған орама табылды. Орамадан қара түсті Nokia телефон, 1 қуаттандырғыш тоғы тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласы тұрғынының Ерема есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.

"Сотталғандардың туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семейдің тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады", - деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Құлатаев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!