Жапонияда аю студентке шабуыл жасады: жігіт оқиға орнында өлі табылды

Жапонияда аю студентке шабуыл жасады: жігіт оқиға орнында өлі табылды
Фото: depositphotos.com

Жапониядағы Хоккайдо аралындағы таулы аймақта студент өлі табылды. "Күдікті" - қоңыр аю, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 

Студенттің денесі 2 қарашада табылған. Екі күннен кейін полицейлер өлі табылған адам - 22 жастағы студент Канато Янаике екенін анықтаған. Бұған дейін ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Янаике таныстарының біріне альпинизммен айналысатынын айтып кеткен екен. Студенттің көлігі тауға шығар жол басталатын жерде табылған. 

БАҚ мәліметінше, студенттің өлімінің себебі - геморрагиялық шок. Полицейлер күдікті ретінде аюды қарастырған. Студент өлі табылған жерге жақын маңда аюдың ұшасы табылған. 

Артынша 31 қазанда сол ауданда жабайы аю үш ер адамға шабуыл жасап, екеуін жарақаттағаны белгілі болды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина