Путин Қазақстанға сапары кезінде Назарбаевпен кездесетіні рас па?

Путин Қазақстанға сапары кезінде Назарбаевпен кездесетіні рас па?
Фото: akorda.kz

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы оның Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Бұл жолы президент (Путин-еск.) бағдарлама тығыз болғандықтан Назарбаевпен кездесіп үлгермеуі мүмкін", - дейді Дмитрий Песков. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. 

"Талқылайтын мәселе жеткілікті" - Тоқаев Путинмен келіссөз туралы

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
 
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина