"Пышақты бүйіріме тақап, мені өлтіретінін айтты". Алматылық ару күзетші зорлағанын ашық айтуына тура келді

Алматыда бар күзетшісінен зорлық көрген әйел әділдік іздеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Ұлжан есімді тұрғыннын үндеуі жарияланды. 

"Өкінішке қарай, мен тек жыныстық зорлық қана емес, құқық қорғау қызметкерлерінің тарапынан моралдық тұрғыда зорлыққа тап болдым.  

Себебі Алматының Алмалы аудандық прокуратурасы маған сенбейді! Олар Б-52 барының күзетшісін қорғап, соның сөзіне сеніп отыр! Күзетші ұсталған кезде пышақ та тәркіленген болатын. Алайда ол 10 тәуліктен кейін босатылған", - дейді үндеу жасаған тұрғын. 

Ұлжанның сөзінше, сараптама жасалып, оның қорытындысы бойынша зорлау дерегі расталған. 

"Осы дәлелдердің барына қарамастан Алмалы ауданының прокуратурасы осымен екінші рет тергеушіге оны күдікті деп танудан және сот шешіміне дейін оны қамауға алудан бас тартып отыр. Күдікті - мені зорлап, пышақпен өлтіремін деп қорқытқан зорлаушы. 

Алмалы ауданы прокуратурасының логикасы бойынша мен күдікті пышақты бүйіріме тақап, мені өлтіретінін айтқан сәтті, жыламай, айғайламауымды бұйырған сәтін видеоға түсіріп алуым керек екен. Оның айтқанын істеп жатқан сәтімді түсіріп алуым керек екен. Егер сол кезде қолынан пышақты жұлып алып, өзімді қорғау мақсатында оған сұғып жіберсем, мені сол күні-ақ ешқандай сараптамасыз қамауға алатын еді. Іс тергеуі маған қарсы жүре ме деп қорқамын", - дейді жәбірленуші ару.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!