"Қалада автобус та, жүргізушілер де тапшы". Дәулет Мұқаев елордадағы проблеманың бірін атады

"Қалада автобус та, жүргізушілер де тапшы". Дәулет Мұқаев елордадағы проблеманың бірін атады
Фото: instagram.com

Депутат, блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында енді Астанадағы бірнеше аудандағы автобус мәселесін көтеретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәулет Мұқаевтың сөзінше, қалада жыл соңына дейін бірнеше автобус қосылады.

"Автобусқа да жиі отырамын. Бірақ хайпсыз, журналистерсіз, үн-түнсіз деп… 700 мыңнан астам оқырманыма пост жазамын. Астананың Есіл, (Нұра), Сарыарқа аудандары атынан жеке мандатты депутат болғаннан дәл осы аудандардың проблемасы мен үшін басты орында. Осы аудандар жайлы жиі пост салып тұрамын. Осы уақытқа дейін балабақша, мектеп, Үркердегі КОС-2 мәселесі бойынша Парламентте айтып, сіздерге де оның есебін айтқанмын. Ендігі мәселем - автобус жыры. Қалада автобус та, көлік жүргізушілері де тапшы. Көлік жүргізушілері бірнешеуі - менің оқырманым. 10 жылдық тәжірибесі барлар 2 күн істеп, 2 күн демалып қолға, 700 мың теңге алатындарын айтты. Әрине, ешқандай жол ережесін бұзбаса. Жыл соңына дейін қалаға 220 жаңа автобус қала жолдарына шықпақ. Президент берген тапсырмаға сай, 400 еді. Оның 180-і линияда жүр. Соған сай бірнеше жаңа бағыттар ашылмақ. Өзім үшін бірнеше бағыттың автобусы бойынша, ұсыныстар әзірлеудемін", - дейді депутат.

Еске салайық, бұған дейін депутат Үркер шағынауданында тағы да кәріз тазарту станциясы салынатынына халық наразы екенін айтты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова