Бостандыққа шыққан Қайрат Боранбаев алғаш рет мәлімдеме жасады

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесін жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әріптестер, достар және серіктестер! Кеше үйге оралдым және отбасым мен достарымды көріп қуанып қалдым. Осы ай бойы мені қолдаған әрқайсыңызға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мені қолдаған әрбір бастаманы, айтылған әрбір жылы лебізді білемін. Менің айналамда таңғажайып - адал, мейірімді және шынайы адамдар бар екеніне тағы бір рет көз жеткіздім. Жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет!", - деп жазды Боранбаев.

Еске салайық, биылғы наурызда Боранбаев сегіз жылға сотталған еді. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыпты деп танылды, ал қыркүйекте бұл мерзім алты жылға дейін қысқарды.

Қазан айында сот кәсіпкердің жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада түрмеден босатылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!