Павлодар облысында жұмысшы кабина мен цистерна арасында жаншылып қалды

Павлодар облысында жұмысшы кабина мен цистерна арасында жаншылып қалды
Фото: Tengrinews.kz

Павлодар облысында жұмысшы кәсіпорында көз жұмды. Қайғылы оқиға "ЕЭК" АҚ филиалы – "Шығыс" кеніші жанар-жағармай қоймасының бақылау-өткізу қосынында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"ЕЭК" АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жүк автоцистернасына техникалық бақылау жүргізіп жатқан кезде мердігер ұйым жүргізушісі кабина мен цистерна арасында жаншылып қалған.

Жүргізуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан