Түркістандық прокурорлар 11 мың абонентке тауарлық газ тиісті бағада берілмегенін анықтады

Қадағалау органы тұтынушыларға тауарлық газды тиісінше ұсынбау фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылы Ұлттық экономика министрлігі елдің барлық өңірінің мемлекеттік әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар үшін газдың бөлшек саудадағы тарифін 20 пайызға төмендетуді келіскен. Ол үшін облыс әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ арасында өзара әрекет етудің меморандумы түзілген.

Алайда жергілікті атқарушы орган әлеуметтік осал азаматтардың дербес деректерін жинау қажеттілігіне байланысты меморандумға қол қоюдан бас тартқан. Мұның бәрі көрсетілген санаты тұрғандарға тарифті уақытылы қолдануға кедергі келтірген", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде әкімдік 11 мың абоненттің газ тарифін текше метріне 35,7 теңгеден 28,54 теңгеге төмендетуге меморандум жасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!