Қазақстан Кипрмен қылмыстық істер бойынша көмек туралы шартты ратификациялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрмен қылмыстық істер бойынша көмек туралы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген құжатта.

Президент сонымен бірге "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заңға да қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!