"Миы уланғандар қауіптірек!" Айгүл Орынбек Coca-cola-ны лақтырған жігітке қатысты пікір білдірді

Фото: Видео кадры

Заңгер Айгүл Орынбек дүкендерден Coca-cola өнімдерін лақтырауды талап еткен жігітке қатысты іс қозғалу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Coca-cola өнімдерін лақтырауды талап еткен жігіттің видеосы тарады. Онда ол Израильден шыққан тауарлардан бас тартуға шақырған. 

"Coca-cola Израильдікі. Бірақ бәріміз ішіп жатырмыз. Мұсылман емес Роналду соларды қолдамас үшін Сola-ны үстел үстінен алып тастаған. Бірақ біз мұсылман емес сияқты кейіпте жүрміз. Израильдің тауарларына бойкот жариялаймыз", - дейді жігіт. 

"Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне!  Мына жігіттің іс-әрекеті мен сөздерін саралайтын болсақ, Қылмыстық кодекстің 174-бабына сай іс ашу керек! Елдің алдында жүрген соң, өзінің эмоциясын ұстап үйренсін. Халықты неге шақырып отыр? Дағыстандағыдай төңкеріске ме? Бұл жігітті көретін жастар, дүкендерге шабуылдап Coca-cola сөрелерін қиратып, сойқандағанын күтіп отырсыңдар ма? Палестина үшін бәріміздің жүрегіміз ауырып отыр, бірақ халықты құқықбұзушылыққа, тәртіпсіздікке шақырып керегі жоқ! Ал құзырлы органдарда жұмыс істейтіндерге айтарым: миы уланғандармен жұмыс істеңдер! Бізге осылар қауіптірек! Жастарға айтарым, мына жігіттің істегенін істеп жүрмеңдер! Қамалып кетесіңдер немесе қомақты соммада айыппұл төлейсіңдер!" - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айгүл Орынбек (@aigulorynbek_kz)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек