Костенко шахтасында қаза тапқан 46-кеншінің денесі жер астынан шығарылды

Костенко шахтасында қаза тапқан 46-кеншінің денесі жер астынан шығарылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Костенко шахтасында қаза тапқан 46-кеншінің денесі жер астынан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметтер бойынша, 6 қарашада сағат 20:00-де Костенко атындағы шахтадан 46-шы қаза тапқан шахтердің денесі табылып, жер астынан шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді.

"Іздестіру жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді",-делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аймақ әкімдігінің мәліметінше, Александр Прокудиннің денесі жер астынан шығарылған. Ол тазарту кенжарында тау-кен жұмысшысы болып жұмыс істеген. 

Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек