Кардиолог бауырға қандай дәрі-дәрмектер қауіпті екенін айтты

Кардиолог бауырға қандай дәрі-дәрмектер қауіпті екенін айтты
Фото: Freepik.com

Кез келген дәрі-дәрмек ықтимал жанама әсер беруі мүмкін. Кардиолог Анна Кореневичтің айтуынша, холестеринді немесе қан қысымын төмендететін дәрілердің бауыр мен бүйрекке кері әсері тым асыра сілтеп айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Дәрігердің сөзінше, холестерин мен қан қысымын төмендететін препараттар ауырсынуды басады, бірақ жүрек-қан тамырлары мәселесінің негізгі себебінің бірі - стрессті жоймайды. Сонымен қатар, бұл олардан бас тарту керек деген сөз емес.

"Бауыр мен бүйрек үшін мүлдем басқа дәрі-дәрмектер зиян, оларды бәрі бақылаусыз және дәрігердің нұсқауынсыз іше береді. Бұл ауырсынуды басатын дәрілер және антибиотиктер", - дейді маман.

Тәуекел тобында күн сайын дерлік бас ауруы немесе арқа ауруын басу үшін дәрі ішіп, аздап жөтел немесе қызба пайда болса бірден антибиотиктер қабылдайтындар.

Бауырды қалай қорғауға болады?

Жүрек-қан тамырлары мәселесі анықтап, тұрақты терапия тағайындалған кезде жүрек пен қан тамырларының саулығына мұқият болған жөн. Анна Кореневич емдеудің бірінші айынан кейін бауыр мен бүйрек жағдайын тексеруге кеңес берді. Ол үшін қан анализін тапсырып, шыққан нәтижеге қарау керек:

  • АЛТ;
  • АСТ;
  • билирубин;
  • креатинин;
  • мочевина;
  • зәр қышқылы;
  • калий.

"Егер бәрі қалыпты болса, онда бауыр мен бүйрек емді жақсы көтерді деген сөз. Бұл бұдан кейін де жағдай жақсы болады дегенді білдіреді. Әрі қарай, жылына бір рет медициналық тексеруден өту де маңызды рөд атқарады. Бауыр мен бүйрек статин мен басқа жүрек-қан тамырлары дәрілеріне қарағанда антибиотиктер мен ауырсынуды басатын дәрілерден жиі зақымдалады", - дейді кардиолог.

Бауыр өзін-өзі жақсы емдейді, бірақ бұл кезде оған кедергі жасамай, керісінше, көмектесу керек. Анна Кореневич өмір салтын өзгертуге негізгі көмек болатынын айтты

"Көбірек қозғала бастаңыз, дұрыс тамақтаныңыз, жеткілікті су ішіп, ұйықтаңыз, қобалжуды тоқтатыңыз, бауыр сізге бірден рахмет айтады", - деп қорытындылады дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін бауыр қызметінің бұзылғанын қалай білуге болатыны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әкесіз өскен ұлдар қандай болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә