Апорт Қазақстанның бренді ретінде тіркелді

Апорт Қазақстанның бренді ретінде тіркелді
Фото: pixabay.com

Әділет министрі Азамат Есқараев Алматының апорты Қазақстан бренді ретінде тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство басшының сөзінше, қазіргі таңда брендті халықаралық брендке айналдыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

"Апорт бойынша Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуана хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсетіп, бекіттік. Бұл жұмыс 2023 жылдың 13 қазанында іске асты. Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін құзырлы қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алманы экспорттау үшін материалдарды жеткізіп жатыр", - деді Есқараев.

Жасұлан Ордабаев

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz