"Газа балалардың зиратына айналып жатыр" - БҰҰ-ның бас хатшысы

"Газа балалардың зиратына айналып жатыр" - БҰҰ-ның бас хатшысы
Фото: un.org

Иордания астанасы Амманда жүздеген денсаулық сақтау саласының қызметкері палестиналықтарға қолдау білдіру үшін шеруге шықты. Ақ халаттылар Газадағы ауруханаларға, дәрігерлерге шабуылды және атысты тоқтатуды талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнаына сілтеме жасап. 

Палестина туын ұстаған шерушілер Израильдің Газаны бомбалауына қарсы ұрандар тастаған. Әлемнің ірі қалаларында Израильдің әскери операциясына наразылық акциялары күшейіп жатыр. Әуе шабуылдарынан Газа секторында 10 мыңға жуық палестиналық мерт болды. 

"Газа балалардың зиратына айналып жатыр. Күн сайын жүздеген қыз бен бала қаза тауып немесе жараланып жатыр. 4 аптада көптеген журналист оққа ұшты. Олардың саны кейінгі 30 жылдағы қақтығыстар кезіндегіден әлдеқайда көп. БҰҰ-ның қаза тапқан қызметкерлерінің саны қаншама. Мұндай жағдай ұйым тарихында болған емес", - деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек