Заңда Нұрсұлтан Назарбаевқа берілетін қандай артықшылықтар қалды?

Әділет министрі Азамат Есқараев заңда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген қандай артықшылықтар қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оған (Нұрсұлтан Назарбаевқа - еск.) қолсұғылмаушылық сақталады. Оны көлік және үймен қамтамасыз етуге құқық сақталады. Алайда бұл артықшылықтар туыстарына жүрмейді", - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Сонымен қатар, журналист "Заңдағы нормалар Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына берілген арнайы артықшылықтардан толық тазарды деп айта аламыз ба?" деп сұрағын нақтылады.

"Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Заңға тиісті түзетулер енгізілді. Мұның бәрі қаңтарда қабылданған заңның логикалық жалғасы деп айтуға болады. Алайда жұмыс әлі жалғасып жатыр", - деді Азамат Есқараев.

Аяз Есен 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз