Егін жинау науқаны: бүгінде 11,4 миллион бидай жиналды

Қазір еліміздің барлық өңірінде астық жинау науқаны аяқталып жатыр. Бүгінде 11,4 миллион бидай бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл фермерлерге оңай болмаған. Жекелеген өңірлердегі аптап ыстықтан кейін негізгі астық егетін өңірлерге келген нөсер жаңбыр 25 күннен аса уақытқа созылды. Жауын-шашын нормасы жылдық орташа көрсеткіштен 3 есе артық (22 миллиметрден 65 миллиметрге дейін) болды", - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Оның айутынша, биыл жалпы ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алаң - 24 миллион гектар. Оның ішінде астық жиналатын алаң - 17,1 миллион гектар.

"2023 жылы егін жинау науқанына шамамен 150,0 мың бірлік трактор, 39,0 мың астық жинайтын комбайн, 14,0 мың орақ және 140,0 мың бірлік басқа техника қатысты.

Бүгінде еліміздің барлық өңірінде астық жинау аяқталу сатысында. Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 центнерентнер/гектар бастапқы салмақта 16,4 миллион тонна астық бастырылды, оның 11,4 миллион тоннасы бидай (өнімділік 8,6 центнер/гектар). Бидай жиналатын алаң - 13,4 миллион гектар, өнімділігі 8,6 центнер/гектар, 11,4 миллион тонна бастырылды", - деді министр.

Сондай-ақ, ол қанша астық жиналатынын айтты.

"Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жалпы жиналатын астық - 16,0 миллион тонна (бидай 11,3 миллион тонна), 3,0 миллион тонна көлеміндегі ауыспалы астық қалдықтарын ескерсек (1 қазандағы жайдай бойынша), елімізді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті", - деді ведомство басшысы.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!