"Салмағы үлкен балаларды дүниеге әкелу оңай емес". Жезқазғанда алып бала өмірге келді

"Салмағы үлкен балаларды дүниеге әкелу оңай емес". Жезқазғанда алып бала өмірге келді
Фото: © 24.kz

Жезқазғанның перинаталдық орталығында салмағы 6 келіге жуық сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қол-аяғын бауырына алған ана мен баланың жағдайы жақсы. Олар үйіне шықты. Ақ халаттылардың айтуынша, салмағы үлкен балаларды дүниеге әкелу оңай емес. Бірақ білікті дәрігерлер дер кезінде шешім қабылдап, қажет жағдай жасаған.

Облыста жыл басынан бері 2800-ден аса сәби дүниеге келіпті. 

"Босанған әйелдердің саны көбейді. Қазіргі таңда 2695 әйел босанды. Физиологиялық босанумен қатар, экстрагенитальды патологиясы бар әйелдердің жүктілігін жүргізіп және оларды босандырамыз. Негізгі әйелдерге айтарымыз, дені сау бала дүниеге әкелу үшін әйелдің өзінің дені сау болуы керек", - дейді перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі Жадыра Таңқауова.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова