Балғынбек Имашев "Болашақ" бағдарламасының түлектерінен қауіп көреді

Балғынбек Имашев "Болашақ" бағдарламасының түлектерінен қауіп көреді
Фото: Tengrinews.kz

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев "Болашақ" бағдарламасын бітіріп, қазір билікте отырған адамдардан қорқатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Болашақ" бағдарламасымен қазақтың мықты, білімді жастары кеткен жоқ, әуеліде тек Кеңес үкіметінен қалған байлардың балалары кетті. Олар қазақы салт-сананы бойына сіңірместен, жас күнінде кетті дағы Еуропаның, Американың менталитетін сіңіріп келіп, оны қазаққа әкеліп тықпалады. Сол жерде үлкен қателіктер кетті деп ойлаймын. Енді қазіргі кетіп жатқан жастар шынымен де шопанның баласы, кешегі жай қарапайым адамдардың балалары барып жатыр. Олар енді өзінің ұлттық құндылығын бойына сіңіріп, ана жақты да алып келсе, екеуін бір-бірімен жымдастырып, өріп, Қазақстанның экономикасын көтеруге жақсы болады деген үміт бар. Жағдайы бар, байшыкештердің баласы барып оқып келді ғой әуеліде. Солар кейін министр болып отырды, - деді ол Bilgen durys YouTube каналына берген сұхбатында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан