Қостанайда 22 жастағы жігіт хабар-ошарсыз жоғалып кеткен

Қостанайда 22 жастағы Асылбек Нұрғали іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qostanay.tv-ға сілтеме жасап.

Волонтерлердің айтуынша, жігіт 1 қарашада Қостанай-2 шағынауданындағы үйден шығып кеткен. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.

Ол қара спорт киімін, сұр күрте, қара кроссовка және сұр баскиім киген. Белгілері: бойы - 175-180 сантиметр, көзі қоңыр.

Волонтерлер жоғалған жігіт туралы ақпараты барлардан 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!