7 қарашада елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел соғады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 қарашада елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз