"Баланы берген адам қайтыс болып кетті". Ерлі-зайыпты ата-анасы белгісіз баланы асырап алған

"Баланы берген адам қайтыс болып кетті". Ерлі-зайыпты ата-анасы белгісіз баланы асырап алған
Фото: elements.envato.com

Алматы облысының тұрғыны Қазақбай Әшіров ата-анасы белгісіз баланы асырап отыр. Оның айтуынша, әйелі баланы танысынан алған. "Қыздар-ай" бағдарламасында олар жеті жасар Үмітжанды қалай асырап алғаны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақбай Әшіровтің сөзінше, баланы асырап алуға көмектескен адам қайтыс болып кеткен.

"Бұдан жеті жыл бұрын асырап алдым. Үш айлық болатын. Оны білмеймін (кімнен асырап алғанын - еск.). Келіншегімнің таныстары айтып, содан алды. Алып берген адам қайтыс болып кетті. Әйелімнің танысы "документі туралап беремін" деді де, үш айдан кейін бе, қайтыс болып кетті. Содан кейін документті туралай алмадық. Бала болмағаннан кейін асырап ала салайық дегенбіз", - дейді Қазақбай Әшіров.

Алматы облысының тұрғыны бала асырап алуға ешқандай ақша бермегенін айтады. Ал оның әйелі баланы Өзбекстан азаматы туғанын жеткізді.

"Жұмыста істейтін бір әйел болды Зәмира деген. Соның сіңілісі Дәме дегеннен алдым. Өзбекстаннан 17 жастағы қыз келіп, осында туып қойған. Айтуы бойынша, өзім көрмедім, білмеймін. Осында келіп, жігітімен тұрғаннан кейін жеті айлығында тастап кеткен әйелді. Әйел туғаннан кейін Өзбекстанға қайтуы керек болған. Қыздай болғаннан кейін Өзбекстанға баланы алып кетпеу үшін осында тастап кететін болған. Бірінші күйеуіммен жеті жылдан көп тұрдым, босанбадым. Қазақбаймен тұрып жатқаныма жеті жылдан өтті. Бұдан да көтерген жоқпын. Ана болғым келді, сол уақытта асырап алдым. Құжатсыз баланы алмаймын дегенмін. Алып берген әйел "өзім жасап беремін" деді. Ол қайтыс болып кетті", - дейді баланы асырап алған Шырын Өтембетова. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова