Атыраулық оқушы қатарынан екінші мәрте көлік ұтып алды

Атыраулық оқушы қатарынан екінші мәрте көлік ұтып алды
Фото: atpress

Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Алтынбек Хамиттің "Қаракөз" атты жылқысы бәйгеден оза шауып, иесі екінші мәрте көлік ұтып алды. Бұл жолы аламан бәйге Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының 90 жылдығына арналыпты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, Орлы ауылының шабандозы Еркеш Жарылғасұлы аламан бәйгеде 36 шақырым қашықта бірінші келген. Ал бас жүлдеге автокөлік тігілген. Осылайша, Қарақұстың арқасында иесі екінші мәрте иесіне көлік ұтып алып отыр. Өйткені биыл күзде ол Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының 95 жылдығына арналған жарыстың да жеңімпазы атанды.

Жылқының иесі Алтынбек Хамит мал шаруашылығымен екі жылдан аса айналысады.

"Бәйгеде бірінші келу тек жылдамдық пен төзімділікке емес, сонымен қатар, шабандоздың шеберлігіне де байланысты. Ауылдың жас тұрғыны Еркеш Жарылғасұлы екінші рет тамаша нәтиже көрсетті. Ал атқа Мерей Исин мен Жандарбек Әжі қарады. Бұл - біздің ортақ жеңісіміз", - дейді Алтынбек Хамит.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова