Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы 100 жасқа таяған шағында дүниеден өтті

Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова 100 жасқа таяған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қонаев музейі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Зинаида Жукова Дінмұхаммед Қонаевпен 23 жыл бірге жұмыс істеген. 

"Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды. Туыс-туғандарына қаймыға көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз