Қазақстанның 1 миллион доллар ақшалай көмегі Палестинаға аударылды

Қазақстанның 1 миллион доллар ақшалай көмегі Палестинаға аударылды
Фото: dw.com

Қазақстанның 1 миллион доллар ақшалай көмегі Палестинаға аударылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Оның мәлімдеуінше, Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады.

"Бұл шешімді Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммиті барысында Қазақстан президенті жариялады. Қазақстан үкіметі бөлген қаражат БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды. Ұйым Палестина халқына жеті онжылдық бойы төтенше және басқа да көмек көрсететін жұмыстарды ұйымдастырып келеді. Айта кететін жайт, гуманитарлық қызмет еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағытының бірі. Бейбіт саясат пен әділдік қағидаттарын ұстанатын Қазақстан әрдайым қиын гуманитарлық жағдайға тап болған мемлекеттерге қолдау көрсетуге ұмтылады", - деді Айбек Смадияров.

Олжас Адай

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz