Кешке басыңыз неліктен ауырады және оны қалай жеңуге болады?

Кешке басыңыз неліктен ауырады және оны қалай жеңуге болады?
Фото: Freepik.com

Күнделікті кешке басыңыз ауырып ауыр жұмыс күнінен кейін мазаңызды алып, түнгі ұйқыдан айырады. Кешкі бас ауруының себептері қандай болуы мүмкін? Бұл сұраққа невропатолог, бірінші санаттағы дәрігер Кирилл Алмазов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Сыртқы факторлар 

Бас ауруының жиі кездесетін себебі - шамадан тыс психоэмоционалды жүктеме. Егер адам ұзақ уақыт бойы жоғары психикалық жүктеме режимінде жұмыс істесе, мәселе туындауы мүмкін. Мысалы, маңызды жұмыс есебін дайындайды, әріптесінің орнына жұмыс істейді немесе жай ғана компьютерде тым көп уақыт өткізеді.

Сонымен қатар, бастың ауыруына физикалық шамадан тыс жұмыс, әсіресе кешке қарқынды спортпен шұғылдану немеседе бассейнге бару да әсер етуі мүмкін.

Біз бәріміз стресстің құрбанымыз

Кешке бас ауруының екінші жиі кездесетін себебі - стресс, ол созылмалы болуы да мүмкін. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қарап, жаңалық оқу сияқты ақпаратты көп қабылдау жағдайды нашарлатуы мүмкін.

Экрандағы суреттің жиі өзгеруі, ақпараттың көптігі жүйке жүйесін шамадан тыс жүктеп, кешке адамды моральдық сарқылуға әкеледі. Шаршаған ағза өз кезегінде SOS сигналын бас ауруы түрінде бере бастайды.

Өмір сүру салты

Басқа ықтималдылығы жоғары себепке бөлме ауасының тазалығы, хош иістер, химиялық заттардың буларымен дем алу жатады, мысалы, агрессивті құрамы бар тазалау құралдары, бояулар, еріткіштер және т.б. Сондай-ақ, көбінесе кешкілік бас аурудың себебі адамның өмір сүру салтына да қатысты. Бұл ең алдымен, ұйқының жеткіліксіздігі және жұмыс/демалыс режимін сақтамау.

Ішкі себептер: кешке бас ауруы қандай ауруларды көрсетуі мүмкін?

Бастың неліктен ауыратынын анықтаудың алғашқы қадамы - оның қай түріне жататынын білу: бастапқы немесе қайталама. Бастапқыға мигрень және шиеленісті бас ауруы сияқты бас аурулары кіреді. Қайталама ауырсыну ішкі ағзалардың басқа ауруларының әсерінен пайда болады.

Оның себебі қалқанша безінің функциясының бұзылуы және созылмалы жоғары қан қысымы гипертония. Бұл жағдайда бас ауруы басқа да белгілермен бірге жүреді. Мысалы, қан қысымының күрт көтерілуі кезінде бас айналу, кеудедегі ауырсынуды немесе жүрек соғуын сезінуі мүмкін.

Кешке бас ауырса, не істеу керек?

Бас ауруы кезінде жасалатын бірінші қадам - қан қысымын өлшеу. Егер көрсеткіш қалыпты болса, ауырсынуды басатын дәрі ішуіңіз керек. Ал қан қысымы жоғары болса, тиісті дәріні қабылдау қажет.

Бас ауруы тым жиілеп кетсе, өмір салтыңызды, сыртқы факторлардың ықтимал әсерін талдап, оны жоюға тырысқан жөн. Мысалы, ұйқыға ертерек жату, көбірек демалу, ашық ауада жиі серуендеу, стресс деңгейін төмендету немесе тамақтану салтын дұрыстау. Егер өмір салтын өзгерткеніңізбен нәтиже болмаса, дәрігермен кеңесу керек: невропатолог, жалпы тәжірибе дәрігері немесе ауру қан қысымының көрсеткіші өзгеруімен бірге жүрсе, кардиолог. Егер бас ауруы дәрі-дәрмекпен жойылмаса, маманға жазылу керек.

Дәрігер шағымыңызды тыңдап, сұрақ қойып, медициналық тексеруді тағайындайды: мидың МРТ, электроэнцефалография немесе мойын тамырларының ультрадыбыстық зерттеуі. Сонымен қатар, қан анализін тапсыру қажет болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін бас ауруының түрлері, белгілері және емдеу жолы туралы хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Соқырішектің белгілері қандай? Аппендикс жарылса, не болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә