"Мүлде ұялмаймын". Актриса Дариға Бадықова дау болған көлік ұтысына қатысты жауап берді

Белгілі актриса Дариға Бадықова ұтыс өткізген кездегі дау туралы "Динамен дұрыс" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің ұтысқа қойған көлігін актер Дәркен Есімбеков ұтып алған болатын. Халық "танысына берді" деп шу көтерген еді.

"Елдің бәрі ұтыс жасап жатыр ғой. Олардан қаламыз ба деп мен де ұтыс жасадым. Жеңімпазды атап, хабарласатын кезде аты-жөні Дархан Есімбеков деп тұрды. Ойымда дым жоқ, хабарластық. Сөйтсек, Дәркен деп шығып тұр. 

Өз басым Дәркенді жеке танимын. Бірақ қоян-қолтық араласпаймын. Сол көлікті ұтқаннан кейін Дәркен ұлды болыпты. "Көлігің бақ болып келді, саған алғыс" деді. Халықтың солай айтуы, сенбеуі орынды. Кім ұтса да, әркімнің де "танысы ғой" деген әңгімесі болады ғой. Төбемде Құдай тұр, мен алдаған жоқпын. Мұны 500-600 пайыз сеніммен айта аламын", - деді ол. 

Өнер иесінің айтуынша, жақын арада ұтыс болмайды.

"Халық не айтса да, мен мүлде ұялмаймын. Қанша адамның ішінен сол Дәркенге бұйырды ғой. Қалай айтсам да, сенбейтін адам сенбейтін шығар. Құдайдың алдында ақпын. Ұтыстан түскен ақшаның барлығы киноның жарнамасына кетіп жатыр. Ұтысты өткізудегі мақсатым да осы еді.  Бірақ, алдағы уақытта ұтыс әзірше болмайды", - деді актриса.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Әділгерей мен Дариға Бадықованың Таиландта  жүргені туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Соқырішектің белгілері қандай? Аппендикс жарылса, не болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!