Владимир Путин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді - БАҚ

Владимир Путин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді - БАҚ
Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин алдағы аптада Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Россия" телебағдарламасының жүргізушісі Павел Зарубин Telegram-арнасында бөлісті. Оның айтуынша, Путинді Қазақстанда маңызды келіссөздер күтіп тұр. 

Видеода Ресей президенті Владимир Путиннің келесі аптада Қазақстанға жұмыс сапарымен келетіні айтылған. 

"Ресей президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен барады. Алда маңызды келіссөздер бар. Олар жақында Мәскеу мен Бейжің де көріскен еді. Екі ел арасындағы ерекше байланыс. Бірақ жақында Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстан мен Өзбекстанға барған еді. Батыстағы БАҚ бұдан арнайы шешім шығармақ. Ресей елдер арасындағы байланысқа құрметпен қарайды", - делінген видеода. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек