Таңғаларлық құбылыс. Солтүстіктегі ауыл тұрғындары аспандағы ерекше жарықты байқады

Таңғаларлық құбылыс. Солтүстіктегі ауыл тұрғындары аспандағы ерекше жарықты байқады
Фото: Петропавловск.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары өте ерекше табиғи құбылысты байқады. Облыстың көптеген ауданындағы ауыл тұрғындары солтүстік жарықты аңғарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, аспандағы түрлі-түсті жарық аномалиясы кейбір жерлерде әрең байқалса, ал кейбір жерлерде өте анық көрінген. Бұл құбылысты солтүстік қазақстандықтардың көпшілігі тек суреттерден көрген, өйткені Қазақстан үшін бұл - таңғаларлық құбылыс.

Аққайың ауданы Тоқаш ауылының тұрғындары да бұл құбылысты көрген.

Тіпті Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі Ғабит Мүсірепов ауданының Чистополье ауылында солтүстік жарық қараңғы аспанда айқын көрініпті.

Мамлют ауданының Бексейіт және Кондратовка ауылдарында да аспан жарқырап тұрған.

Астрофизикалық зертханалардың мәліметінше, 5 қарашада кешке күшті магниттік дауыл тіркелген. Ал оның салдары жердің солтүстік жарты шарының едәуір бөлігінде байқалған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова