Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews

Қазақстандықтар қыстың алғашқы айы желтоқсанда әдеттегіге қарағанда бірнеше күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл айда 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Биыл Тәуелсіздік күні сенбіге сәйкес келеді. Осыған орай 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалыс болады. 

Ал 30, 31 желтоқсан сенбі және жексенбіге тұспа-тұс келіп тұр. Сонымен қазақстандықтар желтоқсанда жалпы саны 11 күн демалады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар қарашада қанша күн демалатыны туралы жаздық.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова