БҚО-да жоғалған адам өзен жағасынан өлі табылды

Батыс Қазақстан облысында өзен жағасынан жоғалған адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының денесі 4 қарашада сағат 15.10-да Жайық өзенінің жағасынан табылған.

Бұрын ер адам хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде тізімге енгізілген. Тергеуді Орал маңындағы полиция бөлімі жүргізеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!