"Реал" Мбаппенің орнына 20 жастағы футболшыны сатып алуы мүмкін

"Реал" Мбаппенің орнына 20 жастағы футболшыны сатып алуы мүмкін
Фото: ©PSG

"Реал" басшылығы ПСЖ шабуылшысы Килиана Мбаппенің трансфері болмаған жағдайда оған альтернативті ойыншыны таңдады. Bild хабарлауынша каролдік клубтың Мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Джамал Мусилаға көзі түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

20 жастағы неміс аяқдопшысы 2026 жылдың ортасына дейін "Бавариямен" келісімшартқа отырған. Transfermarket футболшының құнын 110 миллион еуроға бағалайды. Ол Мбаппені алмастыра алатын жалғыз ойыншы.

Германия чемпионатында Джамал 6 ойын өткізді. Ол 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 

Жас ойыншы 2020 жылы ол Фрайбургке қарсы ойында Баварияның негізгі құрамында дебют жасап, бундеслигадағы ең жас дебютант атанды. Ол кезде оған небәрі 17 жас 115 күн толған. 2021 жылы ол УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында Лациоға қарсы гол соғып, осы турнирде гол соққан ең жас Бавария ойыншысы болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов